ЕрекшеЖаңалықтар

Қазақстандық қаржыгерлер теңгенің нығаюын күтіп отыр

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (ҚҚҚ) өз шолауында шілде айындағы күрт әлсіреуден кейін алдағы апталарда теңге бағамы қайтадан АҚШ долларына қатысты нығаюы мүмкін екенін атап өтті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ВАЛЮТАЛЫҚ НАРЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІККЕ КЕЛІП ЖАТЫР

ҚҚҚ бағалауынша, ұлттық валютада әрі қарай нығаюға әлеует бар. Қаржы мамандарының болжамынша, алдағы апталарда Ұлттық банк долларды конвертациялау операцияларын жалғастырады. Сонымен қатар, жақында тоқсандық салық төлемдерінің мерзімі келіп жетеді, бұл кезеңде экспорттаушылар шетел валютасын белсенді түрде сата бастайды.

Осының барлығы теңге бағамына оң әсер етуі тиіс.

Валюталық нарық біртіндеп сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікке келіп жатыр, бұл ұлттық валюта бағамының ауытқуының әлсіреуіне себеп болуда. KASE қор биржасындағы бейсенбідегі сауда қорытындысында USD/KZT жұбының бағамы аздап төмендеп, 1 АҚШ доллары үшін 536,7 теңгені құрады (−0,85 теңге). Сауда көлемі орта есеппен 196,2 миллион долларды құрады (−59,7 миллион). Алдағы апталарда теңгенің нығаю әлеуеті әлі де сақталып отыр, делінген ҚҚҚ шолуында.

Осы аптада теңге биржалық сауда-саттықта долларға қатысты нығая бастады. 4 тамыз, дүйсенбі күні АҚШ доллары 1,66 теңгеге арзандаса, келесі күні бірден 3,96 теңгеге құлдырады.

Ұлттық валюта бағамының нығаю үрдісі әзірге сақталып отыр.

Back to top button