
«ВТБ Банк (Қазақстан)» Еуропалық одақтың (ЕО) Ресейге қарсы санкциялар пакетіне енгізілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Заңды тұлғаның, ұйымның немесе органның атауы – «ВТБ Банк (Қазақстан)»; күшіне ену күні – 2025 жылғы 2 желтоқсан», – делінген ЕО-ның бейсенбі күні жарияланған ресми журналында.
Түсіндірмеге сәйкес, 2024 жылы 25 маусымнан бастап ЕО аумағында құрылған және Ресейден тыс жерлерде қызмет ететін заңды тұлғаларға, ұйымдарға және органдарға Ресей Орталық банкінің (ЦБ) қаржылық хабарламалар беру жүйесіне немесе Ресейдің Центробанкі әзірлеген осыған ұқсас мамандандырылған қаржы хабарламалары мен төлемдер алмасу жүйелеріне қосылуға тыйым салынады. Ал 2026 жылғы 25 қаңтардан бастап Ресейдің Орталық банкінің кез келген жүйесіне немесе Ресей заңнамасына сәйкес құрылған немесе тіркелген кез келген өзге заңды тұлға, ұйым не орган ұсынатын, қаржылық хабарламалар алмасу функциясы бар жүйелерге (оның ішінде жедел төлемдер жүйесі мен «Мир» жүйесіне) қосылуға тыйым салынады.
«ВТБ Банк (Қазақстан)» — ресейлік ВТБ қаржы тобының еншілес банкі. Ол Қазақстанда 2008 жылы құрылып, 2009 жылғы мамырда жұмысын бастаған. Банк Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банк ретінде қызмет атқарады және ресейлік тарап бақылауындағы халықаралық ВТБ тобының құрамына кіреді. Ресейлік бас ВТБ мен оған қарасты құрылымдар Украинаға қарсы Ресей соғысына байланысты Батыс елдері енгізген антиресейлік шаралар шеңберіндегі халықаралық санкцияларға ілінді. Шектеулер қаржы операцияларына, активтерді бұғаттауға және батыстық компаниялармен іскерлік қатынастар орнатуға тыйым салуға қатысты.