Ерекше

Қазақстанда зейнет жасы қайта қаралуы мүмкін

Депутаттар мен қоғам белсенділері Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде зейнет жасын төмендету мәселесін көтерді. Олар осы арқылы қарттарда қымбатшылыққа төтеп беру мүмкіндігі бар екенін алға тартты, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК
Аталған партия мүшесі, заңгер Әлия Илькенованың айтуынша, бастама әзірге талқылау және пысықтау кезеңінде. Жобада ерлердің зейнет жасы – 60 жасқа, ал әйелдердің жасы – 58 жасқа дейін төмендетілуі орынды екені көрсетілген.
Сонымен қатар, зиянды өндірісте жұмыс істейтіндерге ерекше жағдай қарастырылуда. Атап айтқанда, кеншілерге, химия және тау-кен саласы қызметкерлеріне, су-құтқару қызметі мамандарына 50 жастан зейнетке шығу мүмкіндігі ұсынылмақ.

Қазір зейнет жасын төмендету мәселесі түрлі алаңда, әралуан деңгейде көтеріліп жатыр. Бұл әлеуметтік тұрғыдан өте маңызды мәселе, – деді партия өкілдері.

Еске сала кетейік, Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын 61 жасқа дейін көтеруге қатысты мораторий қолданыста. Бұл шектеу 2028 жылға дейін сақталады.

Back to top button