Без рубрикиЕрекшеЖаңалықтар

Қазақстанда тағы бір жол ақылы болмақ

2025 жылғы 29 шілдеде Көлік министрінің міндетін атқарушы республикалық маңызы бар Ақтау – Бейнеу автожолын ақылы негізде пайдалану туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ҚАШАННАН БАСТАП АҚЫЛЫ

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар II санаттағы Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау автожолының Ақтау – Жетібай – Шетпе – Бейнеу бөлігін пайдаланушылар енді тамыздың 17-сінен бастап ақы төлеуге міндетті.

Көлік жүргізушілеріне балама жол бағыты да ұсынылған. Ол келесі учаскелерді қамтиды: республикалық маңызы бар Ақтау – Құрық, Құрық – Жетібай, Жетібай – Жаңаөзен жолы (Жетібай – Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы бағытындағы жолдың бір бөлігі), аудандық маңызы бар Жаңаөзен – Қызылсай және облыстық маңызы бар Сайөтес – Қарақұдық – Қызылсай бағыты.

Ақылы жолдың бастапқы нүктесі – 786 шақырым, ал соңғы нүктесі – 513+850 шақырым. Жалпы, ақылы жолдың ұзындығы – 272,15 шақырымды құрайды.

Жолдағы қозғалыс жолағы екі бағытта да 1 және 2 жолақтан тұрады. Мәлім болғандай, ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл.

Back to top button