Қазіргі уақытта полиция органдары қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Tizgin.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.
НЕДЕН КӨЗ ЖҰМДЫ
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ақпаратынша, 7 қазан күні Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз мерт болды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға себебі – техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларының сақталмауы. Қазіргі уақытта полиция органдары қылмыстық іс қозғады, бұған қоса қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. ҰҚК Шекара қызметі марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, соңғы уақытта Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаздардың өлімі жиілеп кетті. Соңғы үш аптада бұл – үшінші жағдай. Мәселен, қыркүйек айында Гвардейский гарнизонында бір сарбаз асылып тұрған күйінде табылған, ал қазан айында Қарасай ауданында ҰҚК Шекара қызметінің тағы бір мерзімді қызметшісі менингококцемиядан көз жұмғаны хабарланған.