ЕрекшеЖаңалықтар

Қазақстанда сhevrolet алатындар азайып, қытай көліктері көбейіп келеді

Қазан айында Қазақстанда 20 205 жаңа автомобиль сатылды – бұл қыркүйекпен салыстырғанда 10% көп, бірақ өткен жылмен салыстырғанда 6% аз, деп хабарлайды Қазақстан автомобиль одағы.

Лидер болып Hyundai қалып отыр (4264 авто, өткен жылмен салыстырғанда +44,6%). Одан кейін:

  • Chevrolet — 2802 (−55,3%)
  • Kia — 1901 (−21,2%)
  • Changan — 1463 (+136,7%)
  • Jetour — 1283 (+41%)

Топ-10 тізімінде Chery, Toyota, Haval, Jac және Geely де бар.

Ең танымал үш модель өзгеріссіз қалды: Chevrolet Cobalt, Hyundai Tucson және Kia Sportage. Жалпы он айда 181 789 авто сатылған (+14,6%), көш бастап тұрған — Hyundai, одан кейін Chevrolet және Kia.

Жылдың басты тренді – қытай брендтерінің өсімі: Jetour, Changan және Geely танымалдық жинап, дәстүрлі маркалардан сұранысты өздеріне аударып жатыр.

Back to top button