Ерекше

Қазақстанда қыркүйек айында қандай көліктер жиі сатылды

Ресми ақпаратқа сенсек, елде көлік сату көрсеткіші жоғарылады. Осыған сәйкес, алыпсатарлардың араны ашылатыны белгілі, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

ҚАНША КӨЛІК САТЫЛДЫ

Бұл туралы салалық одақ өкілдері айтып жатыр. Жалпы, қыркүйек айында республикадағы ресми дилерлер 18 357 автокөлік сатып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сатылымды 2,4 пайызға арттырған. Бұл жөнінде «Қазақстандық автобизнес қауымдастығы» мәлімдеді.

Жалпы, биылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында республика аумағында 161 584 көлік сатылған. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,9 пайызға жоғары көрсеткіш.

Қыркүйек айындағы сатылым бойынша үздік бес бренд:

Hyundai – 4169 көлік,

Chevrolet – 2942,

Kia – 2001,

Toyota – 1145,

Chery – 919.

Сатылымы жоғары болған көлік модельдері:

Chevrolet Cobalt – 2400 дана,

Hyundai Tucson – 1574,

Kia Sportage – 947,

Hyundai Mufasa – 679,

Hyundai Elantra – 645.

Тоғыз айда сатылым бойынша көш бастаған брендтер:

Hyundai – 35 695 көлік,

Chevrolet – 22 907,

Kia – 17 590,

Jetour – 10 403,

Chery – 10 212.

Алайда нарықтағы қарбалас кейде бармақ бастылыққа жол ашады. Бұл туралы қауымдастық президенті Анар Макашева мәлімдеді:

«Өкінішке қарай, нарықтағы жоғары сұраныс алаяқтардың да назарын аударып жатыр. Шет елден көлік сатып алу арқылы алданып қалғандар көбейіп келеді. Сондықтан отандастарымыздан көлік сатып алмас бұрын оның заң жүзінде “таза” екендігін мұқият тексеруді сұраймыз», – деді ол.

Back to top button