2025 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстандағы орташа айлық жалақы өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға өсіп, 429 368 теңгені құрады. Бұл туралы Информбюро Ұлттық статистика бюросына сілтемемен хабарлайды.
Медианды жалақы – табыс үлестірімінің «ортасын» көрсететін көрсеткіш 302 584 теңге болды. Ал биылғы жылдан бастап елдегі ең төменгі жалақы мөлшері 85 000 теңге деңгейінде белгіленген.
Ең жоғары өсім тіркелген өңірлер:
-
Жетісу облысы – +18,1%
-
Алматы қаласы – +15,9%
-
Астана қаласы – +13%
-
Павлодар облысы – +12,4%
-
Ақмола облысы – +11,7%
Салалар бойынша ең қарқынды өсім байқалған:
-
Ақпарат және байланыс саласы – +21,5%
-
Ауыл, орман және балық шаруашылығы – +18,4%
-
Көлік және қойма шаруашылығы – +17,6%
Өнеркәсіпте өсім 11%, оның ішінде:
-
Сумен қамту және қалдықтарды өңдеу – +15,5%
-
Электр және газбен жабдықтау – +14,5%.
Ең төмен өсім келесі салаларда тіркелді:
-
Құрылыс – +2,5%
-
Денсаулық сақтау – +5%
-
Қонақүй және мейрамхана бизнесі – +6,2%.
Ең жоғары жалақы төленетін салалар:
-
Тау-кен өнеркәсібі – 922 274 теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары);
-
Қаржы және сақтандыру қызметі – 883 611 теңге;
-
Ақпараттық технологиялар және байланыс – 818 114 теңге;
-
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер – 637 570 теңге.
Ең төмен жалақы тіркелген салалар:
-
Білім беру – 290 891 теңге;
-
Мәдениет, өнер және ойын-сауық – 305 088 теңге.
2025 жылдың үшінші тоқсанының соңында ел бойынша бос жұмыс орындарының саны 63 871-ге жетіп, өткен тоқсанмен салыстырғанда 1 572-ге артқан.
Вакансиялардың ең көп бөлігі келесі салаларға тиесілі:
-
Өнеркәсіп – 28,9%;
-
Мемлекеттік басқару және қорғаныс – 15,5%;
-
Сауда – 10,6%.
Өңірлер бойынша көшбасшылар:
-
Алматы – 15 471 бос орын;
-
Астана – 7 550;
-
Павлодар облысы – 6 800.
Мәліметтер 1-Т “Еңбек туралы есеп” атты мемлекеттік статистикалық есеп формасына негізделген. Таңдамалы топқа ірі, орта және шағын кәсіпорындар кіреді (микробизнес қоспағанда), деп нақтылады Ұлттық статистика бюросы.