БілімЕрекше

Қазақстанда кей студенттерге ЖОО ауыстыруға тыйым салынуы мүмкін

“Әлеуметтік балл” жүйесін енгізу шеңберінде жекелеген студенттерге жоғары оқу орнын ауыстыруға шектеу қойылуы ықтимал, деп хабарлайды Tizgin.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.

МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ

“Бұйрық жобасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр: 1, 17, 18, 23, 24, 29, 30, 32, 46, 50 және 65-тармақтарға редакциялық түзетулер енгізіледі. Сонымен қатар, 30 және 35-тармақтарға жасанды интеллектке қатысты талаптар қосылады. Ал 31-тармақта грант негізінде оқып жатқан студенттің академиялық қарызы болған жағдайда басқа ЖОО-ға ауыса алмайтыны көзделген”, – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігі дайындаған бұйрық жобасында.

Құжатта атап өтілгендей, 40-тармаққа әділ әрі объективті бағалау жүйесін енгізу туралы норма енгізіледі. Бұл жүйе студенттің оқу жетістіктерімен қатар, оның әлеуметтік, ғылыми, волнтер ретіндегі, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу белсенділігін де ескермек. Сондай-ақ 55-тармақта жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысына қатысты жаңа талаптар қарастырылуда.

“Бұйрық жобасының негізгі мақсаты – студенттердің қоғамдық өмірге және еріктілік қызметке қатысу деңгейін бағалау үшін әлеуметтік орташа балл жүйесін енгізу. Бұл жүйе студенттің академиялық жетістіктерінен бөлек, оның әлеуметтік белсенділігін, зерттеушілік қабілеттері мен өңірлік және республикалық деңгейдегі еріктілер қозғалысына қатысуын да есепке алуды көздейді”, – делінген құжатта.

Back to top button