
2025-2026 оқу жылында еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 млн оқушы білім алады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Олардың қатарында шамамен 360 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы және 232 мың 11-сынып түлектері бар.
2019 жылдан бері 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1200 жаңа мектеп салынды. Әсіресе, 2023 және 2024 жылдары 510 мың оқушы орнына арналған 422 мектеп пайдалануға берілді. Бұл бастамалар үш ауысымды мектептер санын 4 есе, апатты жағдайдағы мектептерді 2 есе, оқушы орындарының тапшылығын 4 есе қысқартуға мүмкіндік берді. Биыл Шымкент қаласында, Ақмола және Қызылорда облыстарында үш ауысымды мектептер мәселесі жойылды. Бүгінде елімізде шамамен 3 мың мектеп бір ауысымда, 5 мың мектеп екі ауысымда жұмыс істейді.