Ерекше

Қазақстанда Украинадағы соғысқа қатысқандарға қарсы 700 іс қозғалған

Елде бір жыл ішінде Ресей әскері қатарында Украинада соғысқандарға қарсы 700 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Tizgin.kz “Медиазона”-ға сілтеме жасап.

СОҒЫСҚА ҚАЙ ЕЛДЕР ТАРТЫЛЫП ЖАТЫР

“Медиазона” есеп-қисапты “Прощай, оружие” жобасымен бірлесе жүргізді. Қазақстан соттары “Вагнер” жалдамалысы атанғандар мен Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа қол қойғандарға бірдей үкім шығарады. Қазақстан Қылмыстық кодексі бойынша, олар соғысқа барып, «қылмыстық ниетін жүзеге асырған».

Бұған дейін Қазақстанда жылына осы сияқты ондаған істер ашылатын, алайда 2025 жылы украиналық “Хочу жить” жобасының хабарламаларынан кейін жағдай өзгерген деп жазды “Медиазона”. Жалпы, аталған дереккөзде Ресей армиясына ең белсенді түрде посткеңестік республикалардың азаматтары тартылып жатқаны жазылды.

Бұған тілдік кедергінің төмендігі, көршілес елдердегі орыс тілді тұрғындардың едәуір үлесі және Ресей аумағындағы мигранттар санының көптігі әсер етіп отыр. Алғашқы кезеңде мұндай арбау негізінен «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясы мен өзге де парамилитарлық құрылымдар арқылы жүзеге асырылды. Ал 2022 жылдың күзінен бастап шетел азаматтарына Ресейдің ресми армиясы қатарында қызмет етуге де рұқсат берілді, – делінген ақпаратта.

ҚАЗАҚСТАН ҰСТАНЫМЫ ҚАНДАЙ

Кейін бұл заңға бірнеше рет нақтылаулар енгізілген көрінеді. Оның қолданылу аясы кеңейтіліп, Ресей азаматтығын жеделдетілген тәртіппен алу бойынша жаңа жеңілдіктер қосылды.

Қазақстан билігі әзірге басылым келтірген деректерге реакция білдірмеді. Журналистер Ресей әскері, әсіресе тілдік кедергінің төмендігі мен көрші елдердегі орыстардың көптігін, сондай-ақ Ресейдегі мигранттардың көптігін ескере отырып, соғысқа көбіне постсоветтік республика аумағынан адамдарды көбірек тартатынын жазады.

Қазақстан Украинада болып жатқан соғыс бойынша бейтарап ұстанымда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тараптарды келіссөзге шақырып, соғыста араағайын болуға дайын екендігін айтып келеді.

2022 жылдың қарашасында Ресей президенті Владимир Путин шетел азаматтарын Ресей әскеріне шақыруға рұқсат беретін жарлыққа қол қойған. Бұрын соның аясында ресейліктер ғана жұмыс істейтін. Ал келесі жылдың көктемінде Путин соғыс кезінде Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасқан шетел азаматтарына жеңілдетілген тәртіппен Ресей азаматтығын алуға мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойды.

Back to top button