TOP-1Жаңалықтар
Қазақстанда айыппұл төлеген кездегі 50% жеңілдік алынып тасталуы мүмкін
Сенатор Марат Қожаев айыппұл төлеген кездегі 50% жеңілдікті алып тастау мәселесін үкімет қарастырып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Менің үкіметке сауал жолдағанымды білесіздер. Сол жерде пункттердің бірі – жолдардағы қауіпсіздікті күшейту үшін айыппұл төлеу кезінде 50 пайыздық жеңілдікті алып тастауды ұсынуым болды. Қазір айыппұл алған азамат 7 күннің ішінде төлесе, соның жартысын ғана төлеп, құтыла алатынын білесіздер. Үкімет мұнымен келісті. Біз осы мәселемен әлі де айналысамыз», – деді Марат Қожаев бейсенбі күні сенат кулуарында.
Сенатор жолдардағы қауіпсіздік бірнеше факторға байланысты екенін, оның ішінде жолдың сапасы басты маңызды рөл атқаратынын атап өтеді.