Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау басталды
Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасының екінші кезеңіне өтінім қабылдау басталды. Бағдарламаны жүзеге асыруға 20 миллиард теңге бөлінген, деп хабарлайды Tizgin.kz.
БАНК ҚОЯТЫН НЕГІЗГІ ШАРТТАР
Ипотекалық бағдарлама бойынша берілетін қарыз сомасы – 50 млн теңгеге дейін. Ал пайыздық мөлшерлеме – жылдық 14,8% (ЖТСМ – 16,3–16,8%).
Одан бөлек:
* Бастапқы жарна – Астана мен Алматыда 20%-дан, басқа қалаларда 15%-дан басталады.
* Отбасының орташа айлық таза табысы – 1 250 000 теңгеден аспауы тиіс.
* Соңғы 6 айдағы ресми табысты растау қажет.
Қарыз алушы бастапқы жарнаны өз қаражаты есебінен тікелей сатушыға аударады.
ӨТІНІМДІ ҚАЛАЙ БЕРУГЕ БОЛАДЫ
Ең алдымен банк кеңесшілері арқылы өтінім беруге болады. Бейнебайланысқа шығу қажет немесе жақын жердегі кеңес беру орталығына баруға болады.
Кеңесшілер тізімі банк сайтында қолжетімді. Кеңесшіні таңдағанда оның қызметтер тізімінде «Төлем қабілеттілігін алдын ала бағалау» және «Кредиттеуге құжаттарды қабылдау» қызметтері бар екеніне көз жеткізіңіз, – делінген ақпаратта.
Екінші қадам Отбасы банк бөлімшесіне барып, кредиттік өтінім беру үшін бөлімшеге барған дұрыс. Егер өтініш беруші некеге тұрған болса, банк бөлімшесіне жұбайымен бірге келуі қажет.
Үшінші қадамы сол, банктің ресми сайтындағы «Бейнеқызмет көрсету» сервисіне жүгінеді.