ЕрекшеЖаңалықтар
Қазақстанда 88,5 мың киік ауланып, ет комбинаттарына тапсырылды

Биыл киік басын реттеу мақсатында 800 мыңдай ақбөкен аулануы тиіс. Tiek.kz басылымына берген жауабында Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Жомарт Әлиев елде бүгінге дейін 88,5 мың киік ауланғанын айтты, деп жазады Tizgin.kz.
“Күні бүгінге дейін 88,5 мың киік ауланып, ет өңдейтін комбинаттарға жеткізілді. Әрбірі 20 адамнан тұратын 10 бригада бес өңірде киік санын реттеп жатыр”, – дейді Жомарт Әлиев.
Қазақстан билігі киік (ақбөкен) санын реттеуді ресми түрде қайтадан 2025 жылы маусым–шілде айларында қайта қолға алған еді. Айта кетері, бұған дейін министр киіктердің санын 800 мың басқа азайту жоспарын жариялаған болатын.