ЕрекшеЖаңалықтар

«Қазақстан» РТРК» басқарма төрағасы қызметіне Ернұр Бурахан келді

Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасын басқарған Ернұр Бурахан «Қазақстан» РТРК» басқарма төрағасы қызметіне келді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ернұр Көшерханұлы Бурахан 1981 жылы 16 маусымда дүниеге келген. 

Еңбек жолын “Байқуақов ТВК-6” ЖШС-да бастаған. 2003-2007 жылдар аралығында «Эра» телекомпаниясында жүргізуші, бас редактор қызметін атқарған. 2007-2011 жылдар аралығында «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында тілші, редактор, редактор-жүргізуші, шеф-редактор болып жұмыс істеген.

2011 жылдан бастап әр жылдары бірқатар мемлекеттік мекемелерде баспасөз хатшы, 2013-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, 2015-2017 жылдары Ақтөбе облысы әкімдігі аппарат басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2017 жылдан 2019 жылға дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы «Aqtóbe» телеарнасының директоры қызметінде болды.

«Қазақстан» РТРК» басқарма төрағалығына келмей тұрып Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасын басқарған.

Back to top button