ЕрекшеЖаңалықтарҚоғам

Қазақстан Конституциясының нақты авторы кім – академик есімін атады

АКАДЕМИК НЕ ДЕЙДІ

Майдан Сүлейменовтің жазуынша, кейінгі күндері Конституцияға қатысты, соның ішінде оның авторлары жөнінде түрлі пікірлер айтылып жүр. Әртүрлі есім аталады. Ол ешқандай түсініктеме бермей-ақ, 1995 жылы 22 мамырда Қазақстан президентінің Конституцияны дайындау жөніндегі сараптамалық-консультативтік кеңес туралы жарлығының мәтінін келтіреді:

  • Басин Ю. Г. – Қаз. Мемлекеттік заң институтының профессоры, заң ғылымдарының докторы;
  • Ким В. А. – ҚазМҰУ мемлекет және құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы;
  • Колпаков К. А. – ҚР Президентінің Жоғарғы Кеңестегі жеке өкілі, заң ғылымдарының кандидаты;
  • Котов А. К. – ҚазМемЗаң институты Жеке құқық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы;
  • Мұхамеджанов Б. А. – ҚР Президенті Әкімшілігінің заң шығару бастамалары және құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты;
  • Нұрпейісов Е. Қ. – ҚазМемЗаң институтының ректоры, заң ғылымдарының кандидаты;
  • Сапарғалиев Ғ. С. – ҚР ҰҒА Мемлекет және құқық институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі;
  • Сүлейменов М. К. – ҚазМемЗаң институты Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі (ғылыми жетекші);
  • Шәйкенов Н. А. – ҚР Әділет министрі, заң ғылымдарының докторы.

Шетелдік сарапшылар:

  • Алексеев С. С. – РФ Зерттеу орталығы Ғылыми кеңесінің төрағасы;
  • Жак Аттали – Франция Мемлекеттік кеңесінің кеңесшісі;
  • Роллан Дюма – Франция Конституциялық кеңесінің төрағасы.

«Мен тек бір нәрсені қоса айтқым келеді: Конституцияның нағыз авторы – Нағашыбай Шәйкенов. Біз тек оның дайындаған жобасын талқылап, түзетулер енгіздік”, – дейді ол.

ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ

Бүгін Қазақстанның Ата заңына 30 жыл толды. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы 1993 жылы қабылданған. Алайда «елдің саяси-құқықтық жүйесін тұрақтандыру» керек деп, 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қазіргі Конституция бекітілген. Конституция күнінің дәл осы күннен бастау алуы да содан. Осы заңда президенттік басқару үлгісі айқындалып, қос палаталы Парламентті – Сенат пен Мәжілісті орнықтырды. Конституцияның 1-бабында Қазақстан «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» екені және «ең жоғарғы құндылықтар – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» екені жазылған.

Ата заңға неше рет өзгеріс енгізілгенін мына сілтемеден оқи аласыздар.

Back to top button