
Алматылық «Қайрат» «Селтикті» жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Алматылық «Қайрат» «Селтикті» жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
26 тамызда Алматыдағы «Орталық» стадионда алматылық «Қайрат» пен Шотландияның Глазго қаласынан келген «Селтик» командасы арасында қарымта матч өтті.
Кездесу Чемпиондар лигасының іріктеу плей-офф кезеңі аясында өтті. Еске сала кетейік, алғашқы ойын 0:0 есебімен аяқталған еді.
Екі жақ тең түсіп, матч пенальтиге ұласты. Алматылық «Қайрат» Темірлан Анарбековтің үш сейві және соғылған үш голының арқасында пенальти сериясында 3:2 есебімен жеңіске жетіп, тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.