Ерекше

Қазақстан 21 адамды елден шығарып, бес жыл бойы кіруге тыйым салды

Сот шешімі бойынша 21 шетел азаматын елден шығарылып, оларға бес жылға ел аумағына кіруге тыйым салды, деп хабарлайды Tizgin.kz. КазТАГ-қа сілтеме жасап.

МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ НЕ ДЕЙДІ

 Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді.

«Бүгінде Қазақстан соттың шешімімен 21 адамды елден шығарды, оларға бес жыл мерзімге қайта кіруге тыйым салынды. Ал бір адамға айыппұлды төлемегені үшін елге кіре алмайды», – деді Лепеха.

ШЕКТЕУ ЕНГІЗУДІҢ ТӘРТІБІ

Оның сөзінше, қолданыстағы ұлттық заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шетел азаматын елге кіргізбей қоюға құқылы. Бұған қоса, егер адамның экстремистік немесе террористік әрекеттерге қатысы бар екендігі туралы мәлімет болса, ұлтаралық немесе діни араздықты қоздырып, бұрын Қазақстанда болған кезінде ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасап, не болмаса, әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған айыппұлды төлемегені анықталса, мұндай шектеудің енгізілуі орынды.

«Яғни, ол бұған дейін келіп, бірақ айыппұл төлемей кетсе, біз оған айыппұл өтелгенше елге кіруге тыйым саламыз», – деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Back to top button