Қазақстан 2025 жылдың соңына дейін ет экспортына тыйым салды
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ірі қара етін сыртқа шығаруға шектеу енгізді. Информбюро хабарлауынша, квотаның жалпы көлемі 13 мың тонна болып белгіленіп, үшінші елдерге де, ЕАЭО аумағындағы экспортқа да қолданылады.
Квотаны тек өзіне тиесілі 5 мың бастан кем емес мал бордақылау алаңы бар және ет өңдеу қуаттары бар кәсіпорындар ғана ала алады. Бір қатысушыға рұқсат етілетін экспорт көлемі кәсіпорынның мүмкіндігіне қарай 1 мыңнан 4 мың тоннаға дейін болады.
Квота берілген күннен бастап 10 күн ішінде жарамды және шекарадан өткен кезде ветеринарлық бақылау бекетінде жойылады. Ол қайта бөлінуге жатпайды.
Министрлік бұл шаралардың бағаны тұрақтандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет екенін түсіндірді.