Білім

Қазақ тілінен емтихан жеңілдейді: шетелдіктерге Қазақстан азаматтығын алу тәртібі өзгереді

Қазақстанда азаматтық алу үшін қазақ тілі, Конституция және тарих пәндері бойынша емтихан талаптары өзгертіледі, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ғылым және жоғары білім министрінің жаңартылған бұйрығында Қазақстан азаматтығын алу немесе қалпына келтіру үшін мынадай талаптар бекітілді:

  • қазақ тілі бойынша: бұрынғы 36 баллдың орнына кемінде 15 балл;

  • ҚР Конституциясының негіздерін білу бойынша өту балы 9-дан 20-ға көтерілді;

  • Қазақстан тарихы бойынша талап өзгеріссіз қалды — кемінде 15 балл.

Бұл бұйрық жобасы шілде айында «Ашық НҚА» платформасына талқылауға шығарылған.

Back to top button