ЕрекшеЖаңалықтар

Қазақ мектебі үшін күрес жеңіспен аяқталды: Алматыдағы 224-ші мектеп қазақ тілінде ашылды

№224 мектеп қазақ тілінде ашылсын деген талап орындалды. Білім ордасы бүгін жұмысын бастайды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұған дейін тұрғындар бірнеше рет жиналып, әкімдікке барып, тіпті президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, көмек сұрауға мәжбүр болған. 

Алайда қалалық білім басқармасы мектеп “егер орыс тілінде сынып ашуды талап ететіндер болса, мектеп аралас болады” деген еді. Ақыры бүгін мектеп қазақ тілінде ашылды.

“Егер ортам қазақтілді болғанда қолымнан бұдан да жақсысы келер еді деп ойлаймын. Сондықтан конституциялық құқығым бұзылмай, бастапқыда айтылғандай бұл мектептің таза қазақ тілінде болуын сұраймын”, – дейді тұрғындардың бірі.

Үндеу жасаған алматылықтардың сөзінше, шағынауданда бірде-бір таза қазақтілді мектеп жоқ. 

Back to top button