
Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов қараша айындағы ойындарға арналған кеңейтілген құрамды жариялады, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасының құрамы:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);
Қорғаушылар: Арсен Аширбек («Оқжетпес»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (барлығы — «Ордабасы»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Ян Вороговский («Астана»), Әлібек Қасым, Талғат Құспаев, Бақыт Каиров (барлығы — «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей);
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Жан Әли Пайруз, Алмас Төлеубай, Ғалымжан Кенжебек (барлығы — «Елімай»), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Ерсұлтан Қалдебеков («Қайсар»), Дамир Қасабулат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Исламбек Қуат, Дінмұхаммед Қараман (екеуі де — «Жеңіс»), Серікжан Мұжықов, Дәурен Жұмат (екеуі де — «Оқжетпес»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Бахтиер Зайнутдинов («Динамо», Ресей);
Шабуылшылар: Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Иван Свиридов («Елімай»), Артур Шушеначев, Оралхан Өміртаев (екеуі де — «Ақтөбе»), Рамазан Каримов («Астана»), Айбар Жақсылықов («Қайсар»).
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында 15 қараша күні өз алаңында Бельгиямен, ал 18 қарашада сырт алаңда Фарер аралдары құрамасымен жолдастық матч өткізеді.