«Қателікті мойындаймын»: Қайрат Әділгерей Құрманғазының бейітіне барып кешірім сұрамақ
Қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлына тіл тигізген асаба Қайрат Әділгерей қателігін мойындап, тарихи тұлғаның ұрпақтарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Бұйыртса, жақын арада бабамыздың жатқан жеріне барып,құран бағыштап, ұрпақтарынан кешірім сұраймын!Бабамыздың аруағын қорлау ниетім болмаған», – деп жазды асаба.
Айта кетсек, бұған дейін тарихи тұлға, дәулескер күйші Құрманғазының ұрпақтары Қайрат Әділгерейді сотқа беретіндерін айтқан еді. Себебі асаба подкастардың бірінде Құрманғазыны «қарақшы» деп атаған.
«Құрманғазы туралы айтар болсақ, ол тіпті «разбойник» болған, былай айтқанда «по-черному» жүрген. Исатай досы екеуі байлардан тартып алып, кедейлерге берген. Ал хоббиі – күй тарту болған. Бірақ осындай дүниелердің бәрін біз зерделеп, аша алмай жатырмыз. Киноларымызда да дәріптелмей келеді, – деген еді шоумен.
Енді әзілкеш “жаздым, жаңылдым” деп кешірім сұрап отыр.