ЕрекшеОқиға

Qarakesek 15 күн отырып шықты: енді оны қылмыстық іс бойынша тергейді

Qarakesek атымен белгілі рэпер Омар Амантаев есірткі ісіне қатысты 15 тәулік қамауда болып, қазір қылмыстық іс бойынша тергеу астында қалып отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы КазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Бастапқыда қылмыстық іс қозғалған. Есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені үшін ол 15 тәулікке қамалды және жүргізуші куәлігінен жеті жылға айырылды. Ал есірткі сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасуда», – деп түсіндірді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, 4 қыркүйекте рэпер Ақтөбеде ұсталғаны хабарланған болатын. Ұсталған сәтінде ол автокөлік жүргізіп келе жатқан. Жеке тінту барысында әртістен ұнтақ тәрізді заты бар ZIP-пакет тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл – синтетикалық есірткі. Медициналық тексеру оның көлікті есірткіге мас күйінде басқарғанын растады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Back to top button