Қарағандыда траншея опырылып, екі адам топырақ астында қалды, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Аталған мәліметпен қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бөлісті. Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға Шахтерлер даңғылында тіркелді. Қаза болғандар – «НС Система» ЖШС мердігер ұйымының жұмысшылары.
Қазір тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала мәліметке сәйкес, зардап шеккендер кәріз құбырын ауыстыру кезінде опырылған топырақ астында қалған, – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады.