Қарағандыда әкесі 15 жастағы қызын шариғат жолымен тұрмысқа бергендерді жазалауды талап етті
Қарағанды облысында 15 жастағы қыздың әкесі Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне шағым түсірді. Ол қызының анасы мен өгей әкесін кәмелтке толмаған адамды шариғат жолымен 38 жастағы ер адамға тұрмысқа бергендері жазалауды талап етеді, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
БЕЙНЕЖАЗБАДА НЕ АЙТЫЛДЫ
Оқиғаның мән-жайын қыздың әкесі дүйсенбіде, сот басталған күні айтып берді.
Қазір радикалды діни көзқарастағы адамдар саналатын қыздың анасы мен оның жаңа күйеуі тергеу ісінде тек куәгерлер ретінде төбе көрсетіп жүр. Алайда әкесінің оларды заң алдында жауапқа тарту қажеттігіне көзі жетіп отыр.
Ол Orda.kz тілшісіне анасы мен өгей әкесінің қызын бетімен кеткен жазғырған бейнежазбаны көрсетті.
«Оны ешкім зорлаған жоқ! Ол онсыз да кім көрінгенмен жататын, шашын жайып жүретін», – дейді олар бейнежазбада.
ӘЖЕСІ ҰСЫНҒАН ӘДІС
Қызының мұндай әрекетіне қолдау білдіріп отырғандардың қатарында анасының анасы, яғни қыздың нағашы әжесі де бар. Ол бұрынғы күйеу баласына қысым көрсетіп, арызын қайтарып алуын талап еткен:
«Ол айлакер, бәрін біледі. Қазір 11, 12 жаста да қыздар босанады. Жарқыным, батаңды беріп, ертең арызыңды қайтарып ал. Мұны полиция да, жұрт та біледі. Ұят емес пе? Ақылымды тыңда, ертең кеш болады, өкініп қаласың», – деген.
Қыздың әкесі шілде айында Қарағанды облыстық прокуратурасына да шағым түсіргенін айтады. Алайда, соған қарамастан, қыздың анасы мен өгей әкесі әлі күнге дейін тергеуде куәгер ретінде ғана қалуда.