
«Қайраттың» «Реалмен» ойынға билеттер сатылымы жайлы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Клуб алдағы матчқа билеттерді күмәнді сайттардан сатып алмауды қатаң ескертті.
ФК «Қайрат» мәлімдегендей, «Реалға» қарсы матчқа билеттерді сату немесе алдын ала брондау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, ресми сатылым әлі басталған жоқ.
Клуб билеттер сатылымына қатысты ақпарат ресми сайт пен әлеуметтік желідегі парақшаларда жарияланатынын еске салды. Билеттердің сату мерзімі мен бағасы әзірге белгіленбеген.
«Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып, «Реал», «Арсенал», «Интер» және өзге де еуропалық клубтармен кездеседі.