ЕрекшеЖаңалықтар

Қайрат Сатыбалды иелік еткен базар саудаға шығарылды

Әңгіме Қайрат Сатыбалды ерікті түрде мемлекет балансына қайтарған «Байсат» базары туралы болып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияның мәліметінше, аукцион 2025 жылғы 18 қарашада өтеді.

Бастапқы баға – 28,6 миллиард теңге.

2024 жылы «Байсат» базарының қағаз жүзінде Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылған еді. Алматы қаласының СМЭС шешімімен жалпы аумағы 4 221,4 шаршы метрді құрайтын үш нысан мен 1,4 гектар жер Бауыржанға аффилирленген компаниялардың меншігінде болғаны анықталған.

Ал қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу барысында Қайрат Сатыбалды «Байсат» базарының негізгі бөлігін ерікті түрде мемлекетке қайтарды.

Back to top button