Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған «Байсат» базарын аукционға үшінші рет шығарған. Базарды үшінші ретінде де ешкім алмады, деп жазады Tizgin.kz.
Алматы қаласында орналасқан ірі «Байсат» сауда базары бар «Көтерме-бөлшек сауда орталығы» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% толық сатылымға шығарылған еді.
Аталған объект – жұмыс істеп тұрған базар, тұрақты ақша ағыны бар, қалыптасқан клиенттік базасы, дамыған инфрақұрылымы және әрі қарай өсу әлеуеті бар дайын коммерциялық актив. Аукцион бағаны көтеру әдісімен электрондық форматта өткізілді.
Бастапқы бағасы – 24,77 млрд теңге. Алайда базарды алуға ешкім ниет білдірген жоқ.