Сәтжанов Қайрат Тұрсынханұлы 2024 жылдың тамыз айынан бастап Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оның қызметінен кеткенін Қазақстан бокс федерациясының ресми парақшасында жарияланды.
“ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысының жетекшілігімен ерлер командасы көптеген халықаралық турнирлерде топ жарып, әлем чемпионатының жүлделерін иеленді. 35 жылдан аса тәжірибесі бар маман денсаулығына байланысты бұл қызметтен бас тартуына тура келді. Қайрат Тұрсынханұлына отандық бокс қауымдастығының атынан алғыс білдіреміз!” – делінген хабарламада.
Бұл қызметті Қайрат Сәтжанов былтырдан бері атқарды.
Бапкерлік еңбек өтілі — 35 жыл.
2021-2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған.
2024 жылдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері.
Қ.Сәтжановтың жетекшілігімен 2021 жылы Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында (Сербия) II командалық орын (2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль) алды.
2022 жылы Азия чемпионатында (Иордания) ІІ командалық орын (3 алтын, 6 күміс, 3 қола) еншілеген.
2024 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан командасы I командалық орын (5 алтын, 1 күміс, 3 қола) алды.
Қайрат Сәтжанов жаттықтырушы ретінде 7 әлем чемпионын, 43 Азия чемпионын дайындаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне Нұржан Насанов тағайындалды.
Насанов Нұржан Нишанұлы 23.10.1975 ж.дүниеге келген. 2016 ж.жаттықтырушы мансабын бастаған. 2024 ж.тамыз айынан Ұлттық құраманың жаттықтырушысы. Екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай және тағы басқа боксшыларды тәрбиелеген.