ЕрекшеСпорт

“Қайрат” пен “Реал” матчына билеттер бар-жоғы 4 сағатта сатылып кетті

«Тикетон» платформасында электронды билет алу үшін 267 мыңнан астам қолданушы кезекке тұрған, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

ХАЛЫҚ НЕГЕ ШАҒЫМДАНДЫ

Билет сату 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де басталып, шамамен 21:30-да аяқталды. Дегенмен бұл бірнеше сағатта қалың жанкүйе тағат таппай, абыр-сабыр болды қалды. Себебі, сайт қайта-қайта “қатып”, жүйе кейбір пайдаланушыны кезектен шығарып жіберді. Көп адам әлеуметтік желі арқылы техникалық ақауларға шағымданды. Жалпы, Алматыдағы аренаға 23 мың адам сыяды.

Клуб өкілдерінің хабарлауынша, стадион есігі жанкүйерлер үшін сағат 18:45-те ашылады. Ал матчтың өзі 21:45-те басталады.

Көрермен қауым трибунаға үш бағыт бойынша кіре алады: Абай даңғылы, Сәтбаев және Байтұрсынов көшелері жағынан.

Freedom арқылы сатып алынған электронды билеттер ойын өтетін күні электрондық поштаға жіберіледі, ал QR-кодтар матч басталуына бірнеше сағат қалғанда Qairat SuperApp қосымшасында қолжетімді болады.

Back to top button