ЕрекшеЖаңалықтарСпорт

«Қайрат» Чемпиондар лигасында: жеребе қашан тартылады

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары 28 тамызда айқындалады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің жеребесі 28 тамызда 21:00-де (Астана уақытымен) басталады. Жеребе тарту рәсімін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Еске сала кетейік, Аталған турнирде алматылық «Қайрат» плей-офф кезеңінде Шотландияның «Селтик» командасын (0:0, 0:0, пенальтиден 3:2) жеңіп, негізгі кезеңге жолдама алған еді.

Back to top button