ЕрекшеЖаңалықтар

Президент мырза, БАҚ-ты қолдауыңызды сұраймыз – «Әділ сөз» қорының басшысы

Ұлттық құрылтайда сөйлеген «Әділ сөз» қорының басшысы Қарлығаш Жаманқұлова ақпарат саласында байланысты күшейтетін кез келгенін айтты. Айтуынша, өңірлік деңгейдегі медиақұрылымдар жеткілікті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Аймақтық деңгейдегі басылымдарды дамыту арқылы өз нарративтерімізді дамытуға мүмкіндік аламыз. Сыртқы әсер күн санап артып келеді. Сол оқиғалардың нарративтерін өзіміз айқындауымыз керек. Түсіндіру логикасын өзіміз белгілеуіміз қажет. Медиасауаттылықты жүйелі түрде күшейту керек. Медиасауаттылық қоғамды сыртқы манипуляциялардан қорғайды. Медиасауатты азаматтар жалған ақпараттарды таниды. Отандық БАҚ бірқатар қиындықтарға қарамастан өз жұмысын жалғастырып келеді», – деді ол.

Қарлығаш Жаманқұлов мемлекет басшысына жүгінді.

«Президент мырза, БАҚ-ты қолдауыңызды сұраймын. Қылмыстық кодекстің 158-ші бабы журналистерді қорғай алмай отыр. Құқықбұзушылықтардың бір бөлігін әкімшілік кодекске көшіруді сұарймыз. Бұл журналистердің кәсіби қызметін қорғауға мүмкінідк береді», – деді ол.

Back to top button