ЕрекшеЖаңалықтар

Полиция Алматыдағы мектептерге шабуыл жасалады деген ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде 20 қаңтар күні 8 мектепте қарулы шабуыл жасалытыны туралы ақпарат тараған. Полиция бұл мәліметтердің жалған екенін ескертті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Мүмкіндігінше көбірек адамды өлтіруге тырысамын. Біз баратын мектептер: №6, №18, №157, №144, №134, №166, №156, №135. Осы мектептерде жаппай террористік акт болады” деп жазылған желіде тараған ақпаратта.

Полиция ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін айтты. Қазір қаладағы білім беру мекемелеріндегі жағдай толық бақылауда. Полиция мен өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр дейді. Қазір ақпаратты таратқан тұлға іздестіріліп жатыр.

Back to top button