Песков Зеленскийдің келіссөзді Қазақстанда өткізу туралы ұсынысына реакция білдірді
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков РБК радиосына берген сұхбатында Киев келіссөз алаңы ретінде көптеген елді атағанын, бірақ бастапқыда бейтарап ел деуге келмейтін елдерге ерекше назар аударғанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz Azattyq-қа сілтеме жасап.
КЕЛІССӨЗ ҮШІН ҚОЛАЙСЫЗ ЕЛДЕР
“Украиналықтар көптеген елдің атын атап, ұсыныстарды жаудырып жатыр және бастапқыда Қазақстанға мүлде тірелмей, бізге мүлде қолайсыз елдерді атаған. Неге екені белгісіз, әлі күнге дейін Швейцария немесе Австрияны бейтарап елдер деп санайды. Бірақ де-факто олар біз үшін бейтарап ел емес. Осыны ескеру керек және бұл нәрсе бізге айдан анық болып отыр” деді Песков.
Бұған дейін Украина президенті Ресей басшысы Владимир Путинмен түрлі елдерде кездесуге дайын екенін айтып, Қазақстанды да атаған еді.