ЕрекшеОқиға

Павлодарда округ әкімі фельдшермен төбелескен

Павлодар облысындағы Қоянды ауылдық округінің әкімі Ержан Уразалимовтың басы дауға қалды, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

ШАТАҚ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ

Шенеуніктің тәртіп бұзып, төбелес шығарғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын. Таралған мәліметтерге қарағанда, Уразалимов Екібастұз қалалық ветеринарлық станциясының фельдшеріне жұдырық жұмсаған.

Осы оқиғаға байланысты Павлодар облыстық полиция департаментіне сауал жолданды. Ведомство өкілдері жанжалдың болғанын растады. Алайда олардың айтуынша, дәрігер мен әкім кешке болған шаралардың бірінде төбелескен.

«Екеуара кикілжіңнің кәсіби қызметтеріне еш қатысы жоқ. Олар өзара татуласып, бір-біріне ешқандай арыз-шағым түсірмеген», – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаменті өкілдері.

Айта кетейік, жуықта дәрігер Антон Кистановты соққыға жығу фактісі бойынша сот процесі басталды. Науқас жасаған шабуылдан хирург жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан болатын.

 

Back to top button