Бобровка ауылының маңында болған қайғылы жол-көлік оқиғасының мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, көктайғақ салдарынан Toyota Vitz автокөлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Hyundai Accent көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Екі көліктің де рөлінде әйел адамдар болған. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі Тереңкөл аудандық ауруханасында қайтыс болды.
Көліктердің біріндегі жолаушы әйел облыстық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықталып жатыр.