ЕрекшеСараптама

«Партияға кірмеймін», «ойланамын»: бірмандатты депутаттардың қайсысы Парламенттен кетеді (ВИДЕО)

Tizgin.kz порталы Мәжілістегі бірмандатты депутаттардың қайсысы Парламенттен кететінін өздерінен сұрап көрді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылы Сенатты таратып, бірпалаталы Парламент құруды ұсынды. Сондай-ақ, ол Парламентке тек партиялық тізіммен депутаттар кірсе деген ұсыныс айтты. Егер осы ұсыныс іске асса, дәл қазір Мәжілісте бар 7 бірмандатты депутат ол Парламентте болмайды. Олар кімдер:

  • Ермұрат Бапи
    Бақытжан Базарбек
    Дәулет Мұқаев
    Ардақ Назаров
    Ерлан Стамбеков
    Данияр Қасқарауов
    Абзал Құспан.

Осы депутаттар 2027 жылы партиялардың біріне кіріп, Парламентте жұмысын жалғастыра ма? Әлде қызметімен қош айтыса ма?

Tizgin.kz бұл сұрақты депутаттардың өзіне қойып көрді.

“БІР ҚҰДАЙ БІЛЕДІ”

Астанадан барған депутат Дәулет Мұқаев “бір Құдай біледі” деп жауап берді. 

“Көп нәрсеге бармаймын, көрмеймін десем, сол жағдайлар керісінше, алдымнан шығып жатады. Сондықтан, ойлануға да, шешім қабылдауға да әлі уақыт бар. Дәл қазір осылай деп айта алмаймын. Жолдауға дейін біз мұндай болатынын білген жоқпыз. Өзгерістер күн де болып жатыр”, – деді Мұқаев.

“ПАРТИЯҒА КІРМЕЙМІН”

Алматыдан сайланған Ерлан Стамбеков “партияға да кірмеймін, партиясыз болып қала беремін, сайлаушыларға солай уәде бергенмін” деді. Ал Данияр Қасқарауов ары қарай қалу жоспарда жоқтығын айтты.

Депутат Абзал Құспан әзірге шешім қабылдамағанын айтты. Сөзінше, 2027 жылға дейін де бірқатар жоспар бар.

“Тап бір енді Парламентке сондай бір байланып қалған ештеңеміз жоқ. Айналысатын тірліктеріміз, шаруаларымыз бар. Адвокаттық қызметіміз бар. Сондықтан, әзірге айта алмаймын” деді Құспан.

“КЕШ БАТСА, ТАҢДЫ КҮТПЕ”

Депутат Ардақ Назаров бұл сұраққа мақалдап жауап берді.

“Кеш батса таңды күтпе, таң атса күнді күтпе дейді. 2028 жыл қайда? 2029 жыл қайда? Сол кезге жетіп алсақ көреміз” деді ол.

“МАҒАН КӨЗ ТІГІП ЖАТҚАН ПАРТИЯЛАР КӨП”

Ермұрат Бапи “Жаңа Қазақстан” жағдайына байланысты қалу керек деп ойласа, амандық пен денсаулық болса, келесі сайлауға түсетінін айтты. 

“Ал егер елдегі өзгерістер жағдайы жақсы болып, билік пен қоғам арасындағы тартыстар болмаса, мен депутаттыққа түсу қажет емес деп ойлаймын”, – деді Бапи.

Мәжілісмен Бақытжан Базарбек өзіне қазір “көз тігіп отырған партиялар көп” екенін айтады.

“Бірақ соңғы шешім өзімде. Халық егер “Базарбек қажет, заңсыздықтарды айтып, жемқорлықпен күрессін” десе, мен барам! – деді Базарбек.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button