ЕрекшеЖаңалықтар

Отбасы банктің мобильді қосымшасы ашылмай қалды

Азаматтар Отбасы банктің мобильді қосымшасына кіре алмай жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Отбасы банктің мобильді қосымшасы күні кеше де жұмыс істемеген. Бүгін жұмыс күні басталғанымен қосымша әлі де ашылмай тұр.

Банктің өзі жағдайға былай түсініктеме берді.

“Қазір банктік сервистер бойынша техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл процесс жоспарланғаннан ұзағырақ уақытты алды. Өкінішке қарай, уақытша түрде банк бөлімшелерінде, Баспана маркет платформасында және мобильді қосымшада операциялар қолжетімсіз. Сондай-ақ байланыс орталығы уақытша жұмыс істемейді. Біздің мамандар барлық жүйелер мен банктік операциялардың мүмкіндігінше тезірек қалыпты режимде жұмыс істеуі және клиенттердің банк қызметтерін толық пайдалана алуы үшін жұмыстар жүргізіп жатыр”, – делінген хабарламада.

Банк уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Back to top button