ЕрекшеЖаңалықтар

Отбасы банк тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын пайдалануға рұқсатты тоқтатады

2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Отбасы банк тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын пайдалануға рұқсатты тоқтатады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мұндай хабарлама банктің ресми сайтында пайда болды.

“Құрметті клиенттер, 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Аталған күнге дейін берілген барлық өтінімдер қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді”, – делінген хабарламада.

Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қайта қашан басталатыны туралы қосымша хабарланады.

Back to top button