
Астанадағы Ұлттық баспасөз клубында «Үміт» халықаралық онкологиялық томотерапия орталығының басшысы Денсаулық сақтау министрлігі томотерапияны жоғары технологиялық медициналық қызметтер тізімінен алып тасталғанын айтып дабыл қаққан еді. Осыдан кейін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының міндетін атқарушы Айша Мұқанқызы мұны растайды, бірақ томотерапия әлі де мемлекеттің кепілдендірілген тегін медициналық көмегі тізімінде қалатынын мәлімдейді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Айша Мұқанқызының сөзінше, томотерапия әлі де мемлекеттің кепілдендірілген тегін медициналық көмегі тізімінде қалады. Онкологиялық аурулары бар пациенттердің бәрі сәулемен ем-домды толыққанды ала береді. Оның айтуынша, осы жылдың 1 қазанынан бастап енгізілген өзгерістер тек томотерапия қызметін көрсету формасына қатысты болған. Томотерапия – жоғары технолтогиялық медициналық қызмет тізімінен алынып тасталып, мамандандырылған медициналық қызмет тізіміне енгізілген.
«Яғни, бұл онкологиялық аурулары бар пациенттерге сәулелі терапия қызметін көрсету қолжетімділігі артқанын көрсетеді. Томотерапия енді бұрынғыдай амбулаториялық жағдайда емес, күндізгі стационар (жатып емделу) жағдайына ауыстырылады. Демек, сәулемен емдеу, бүкіл процесті бақылау және кешенді ету сапасы артады. Бұл шешім ем-дом процесін бақылау сапасын арттыруды көздейді, бұл бұл бақылау өз кезегінде пациенттерді сәулемен емдеу сапасын көтереді. Одан бөлек томоорталықтарға өз еркімен кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде бюджет есебінен МӘМС қорымен келісе отырып, томотерапия қызметін көрсету мүмкіндігі де берілген », – дейді Айша Мұқанқызы.
Институт басшысының сөзінше, онкологиялық орталықтардағы желілік жылдамдатқыш жаңа инновациялық әдістемелерін (адаптациялық сәулелі терапия) енгізуге көмектескен. Аталған әдістеме кезінде пациенттің қимыл-қозғалысы, анатомиясы есепке алынады. Одан бөлек 4D сәулелі терапия әдістемесі бойынша сәулелену кезінде науқастың демі ескеріледі. Осы артықшылықтар науқастарға сәулеленудің керекті дозасын тіндерге (сау тіндерді зақымдамай) жеткізуге көмектеседі.
«Бұл аппараттар ЖИ технологияларымен жабдықталған. Яғни, ол автоматтандырылған режимде қатесіз дозаны есептеп, бүкіл сәулелі ем-домды қадағалайды», – дейді ол.
Айша Мұқанқызы науқастарға өздері тіркелген қаладағы онкологиялық орталыққа жүгінуге кеңес береді. Сөзінше, ол орталықтардағы онкологтар командасы науқасқа қажетті ем-дом әдісін айқындап алады, персоналды терапия әдісін айқындап, сәулелі ем-дом айқындалған жағдайда радиациялық онкологтар командасы сәулелі терапияның ең тиімді әрі бейім инновациялық әдістемесін таңдайды. «Ал Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты әр науқасқа кеңес бере алады» деп түйді ол.
ДАУ НЕДЕН ТУДЫ
1 қазаннан бастап Денсаулық сақтау министрлігі томотерапияны жоғары технологиялық медициналық қызметтер тізімінен алып тастады. Бұл шешімнің салдарын бүгінде дәрігерлер де, науқастар да ауыр сезініп, дабыл қаққан.
Томотерапия – сәулемен емдеудің ең дәл әрі қауіпсіз түрі. Әлемде ол балалар мен ересектердегі қатерлі ісік ошақтарын миллиметрлік дәлдікпен нысанаға алуға мүмкіндік береді. Астанадағы Ұлттық баспасөз клубында өткен жиында дәрігерлер мен науқастар министрлік шешімінің салдарын ашық айтқан еді. «Үміт» халықаралық онкологиялық томотерапия орталығының директоры Ерлан Шаяхметовтің сөзінше, 7 науқас, оның ішінде жеті бала, емін аяқтай алмай қалған.
Толығырақ мақаланы осы сілтемеден оқи аласыздар.