ЕрекшеҚоғам

Өзгенің тауар таңбасын пайдаланғандар бас бостандығынан айырылуы мүмкін – вице-министр

Қазақстанда өзгенің тауар таңбасын пайдалану үшін қылмыстық жаза қатаңдатылады, деп хабарлайды Tizgin.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

 ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың сөзінше, аталған заң жобасы қазір Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр.

Бүгінде «Бөгденің тауар таңбасын заңсыз пайдалану» бабы бойынша айыппұл көлемі 80 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Енді оны 200 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтуды ұсынып отырмыз. Сонымен қатар, қайталанған жағдайларда немесе қылмыстық топ құрамында жасалған істер үшін 6 айдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын енгізу жоспарланды, — деді вице-министр Сенаттың жалпы отырысында.

Айта кетейік, қазіргі уақытта мұндай құқық бұзушылық үшін ең қатаң жаза – 40 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алу.

Back to top button