Өскеменде басы дауға қалған прокурорды қызметінен босатты
Өскемен қаласының жаңа прокуроры тағайындалды. Тимур Чақпантаевтың орнына Руслан Алишев келді, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Руслан Алишев Жамбыл облысының тумасы. Қадағалау органында 2008 жылдан бері қызмет етіп келеді. Еңбек жолын туған өңірінде бастаған. Соңғы тағайындауға дейін Абай облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
Ал Тимур Чақпантаев жанжалдан кейін Өскеменнің бас прокуроры қызметінен босатылған. Кей деректерге сүйенсек, ол қарамағындағы қызметкерлерді соққан. Осы оқиғадан соң басшылықтағылар тексеріс бастады.
Айта кетейік, елдің өзге өңірлерінде де прокурорларды ауыстыру жалғасып жатыр. Бұған дейін Ақтау мен Атырауда жаңа прокурорлар тағайындалған болатын. Бас прокуратураның баспасөз қызметі мұны қалыпты кадрлық ротация деп түсіндірді.