Ерекше

Нұрай ісі: полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қызды қорғау бойынша тиісті шара қолданбаған тәртіп сақшыларына қатысты қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

ӘДІЛОВ НЕ АЙТТЫ

Бұл жөнінде Сенат кулуарында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Оның айтуынша, қылмыстық істер полицейлер қызметтен босатылған күні-ақ қозғалған.

«Сол күні министрлік тәртіптік комиссия аясында Шымкент қалалық полиция департаменті басшысын, оның орынбасарын, қалалық полиция басқармасы жетекшісін қызметтерінен босату, сондай-ақ жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғауға шара қолданбай, материалды номенклатуралық іске тіркеп қойған лауазымды тұлғаларды теріс себептермен жұмыстан шығару туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар сол күні Ішкі қауіпсіздік департаменті қызметкерлері Шымкент қаласына іссапармен барып, салғырттық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», – деді ол.

МӘН-ЖАЙЫ

Бұл жерде жергілікті полиция басшысы Нұрлан Алмасбеков пен оның бірінші орынбасары Құрманбек Саховтың қызметінен босатылғанын ескеру керек. Ал қылмыстық істер қыздың бірнеше мәрте жасаған өтініштеріне дер кезінде жауап қатпаған қатардағы қызметкерлерге қатысты қозғалған болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, 20 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қалалық полиция департаменті әрекеттерін тексеруді тапсырған болатын.

Back to top button