ҰҚК баспасөз қызметі 6 желтоқсанда Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шығып, екі адам қаза болғанын хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.
Өрт ТЖД күштерімен сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапқан.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл білдіреді. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.