Ерекше

Мыңдаған адам жалақысын уақтылы ала алмай отыр

Қазақстанда жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 55,1 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғады, деп хабарлайды Tizgin.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

МИНИСТРЛІК МӘЛІМЕТІ

Бұл туралы 8 желтоқсанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) өкілдері мәлімдеді.

«2025 жылғы 1 желтоқсанға қарай республика бойынша 494 кәсіпорында 10,4 мыңнан астам қызметкерге еңбекақы берешегі бары анықталды. Қарыздың жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеден асады. Сонымен қатар, жүргізілген тексерулер барысында түрлі ұйымда еңбек құқықтарының шамамен 8 мыңға жуық бұзушылығы тіркелді», – делінген министрлік хабарламасында.

ҚАНША ҚЫЗМЕТКЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Ведомство мәліметінше, жалақы қарызы мен еңбек заңнамасын бұзылған кәсіпорын басшыларына 3 781 міндетті орындалатын нұсқама берілген. Сондай-ақ 470,7 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған.

«Қатаң төлем кестелерін енгізу және жалақы қарызын өтеу мерзімдерін белгілеу сияқты қабылданған шаралар нәтижесінде 10,1 мың қызметкердің құқығы қорғалды. Оларға 2,2 млрд теңге көлемінде еңбекақы төленді», – деп хабарлады министрлік.

Back to top button