ЕрекшеЖаңалықтар

Балаева “министр Нұртілеу ұсталды” деген ақпаратты жоққа шығарды

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны жөнінде ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Tizgin.kz
Жауапты тұлға фейсбук желісінде кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты расталмаған ақпарат таралып жатқанын жазады.

Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет.
Көбіне расталмаған «хайп қуған» деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауы тиіс.
Әріптестерді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырамын. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламын, – деді министр.

Еске сала кетейік, оның алдында Орда.кз басылымы “Мұрат Нұртілеу пен бизнесмен Гаджи Гаджиев ұсталды” деген ақпаратты таратқан еді. Бұл ақпараттың жалған екенін Орталық коммуникациялар қызметінің жалған ақпараттарға қарсы күрес орталығы да жоққа шығарды.

Back to top button