ЕрекшеЭкономика

Brent маркалы мұнайдың баррелі $67,9-ға дейін өсті

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,7 долларға қымбаттап, 67,09 долларды құрады, деп хабарлайды Tizgin.kz AZӘRTAC-қа сілтеме жасап.

Ал Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнай бағасы 0,69 долларға көтеріліп, баррелі 63,32 доллар болды.
WTI маркалы мұнайдың қазан айына арналған фьючерстік келісімшарттары Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электронды саудасында осы уақытқа дейін 0,65 долларға (1,04%) қымбаттап, баррелі 63,28 долларды құрады.
Алдыңғы сауда сессиясының қорытындысы бойынша бұл келісімшарттардың бағасы 0,37 долларға (0,59%) өсіп, 62,63 доллар болған еді.

Back to top button