ЖаңалықтарЭкономика

Моңғолиямен сауда қатынасы жеңілдейді: Тоқаев заңға қол қойды

Құжат Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауданы жеңілдетуге арналған

Мемлекет басшысы «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» заңына қол қойды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

2025 жылы 27 маусымда Минск қаласында қол қойылған келісімді Қазақстан сенаты жақында ратификациялаған. Бұл құжат Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауданы жеңілдетуге арналған.

Бұған дейін екі ел арасындағы кейбір тауарларға кедендік баж салығы салынатын. Енді сол алымдардың басым бөлігі алынып тасталады немесе азаяды. Яғни, қазақстандық тауарлар Моңғолияға бұрынғыдан арзанырақ әрі оңай өтеді. Бұл – отандық кәсіпкерлер үшін жаңа табыс көзі.

Келісім бойынша әр тараптан 367 түрлі тауар қамтылған. Моңғолия Қазақстаннан келетін азық-түлік пен өнеркәсіптік тауарларға кедендік баждарды алып тастайды. Жалпы, тарифтік жеңілдіктер Қазақстанның Моңғолияға экспорттайтын тауарларының 92 пайызына қатысты болады. Қазақстандық кәсіпкерлер кедендік төлемге аз ақша жұмсайды. Соның арқасында олардың тауары Моңғолия нарығында бәсекеге қабілетті болады.

Back to top button