Молдова ТМД құрамынан шығады

Молдова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан (ТМД) шығуға мүмкіндік беретін негізгі келісімдерді денонсациялау рәсімін бастады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ТАСС агенттігінің мәліметінше, бұл жөнінде Молдова вице-премьері, елдің сыртқы істер министрі Михай Попшой «Радио Молдова» эфирінде мәлімдеген.
«Молдова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы мүшелігінің негізін құрайтын үш негізгі келісімді денонсациялау рәсімін бастады. Атап айтқанда, бұл — ТМД Жарғысы, ТМД-ны құру туралы келісім және оған қоса тіркелген тиісті қосымша. Осы құжаттар ресми түрде күшін жойғаннан кейін, еліміз заң жүзінде ТМД мүшесі болудан қалады. Ал іс жүзінде Молдованың ұйым жұмысына қатысуы бұған дейін-ақ тоқтатылған еді. Аталған құжаттар түпкілікті бекіту үшін парламентке жолданады», — деді министр.
Бұған дейін Астананың ТМД елдері ішінде алғаш болып қолжетімді туризмнің еуропалық желісі — European Network for Accessible Tourism құрамына енгені хабарланған болатын.